Accessibility links

Бангладеште үлкен су тасқыныннан кейін, қауіпті індеттердің ошағы ашылды


Бангладештің ресми ақпарат агенттігі хабарлағандай, таза су тапшы. Су тасқыны мен канализация жүйесінің қирауы ауралуар ошағына әкеп соқты. Үндістан билігі жұма күні саудагерлдерді азық түлік қорын су тасқыны құртып жіберді деп ескерткен болатын. Жаңбырлы маусымның табиғат апаттары: су тасқындары, жер көшкіндері мен аударылған қайықтарды қосқанда Азияда 1000 адам қаза болды. Оның ішінде Оңтүстік Қытайда 400 адам мерт болды. Миллиондаған адам баспанасыз қалды. Әлемдік құтқару агенттігінің мәліметінше, шамамен оңтүстік Азияда 24 миллион адам үйсіз-күйсіз қалды. Және оларға дереу азық-түлікпен баспана қажет деп хабарланып отыр. Осы аптаның соңына дейін, Бангладешпен Шығыс Үндістанда нөсерлетіп жаңбыр жабады деген жорамал жасалды.
XS
SM
MD
LG