Accessibility links

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы «Асар» партиясының кандидаттарын тіркеді


Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, аталған партия партиялық тізім бойынша 13 кандидатты ұсынып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанның екі саяси партиясы - «Отан» және «Асар» саяси партияларының Парламент Мәжілісі депутаттығына кандитаттарды ұсынған партиялық тізімі тіркелген. Ал, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы құжаттары толық болмағандықтан Мәжіліс депутаттығына кандитаттарды ұсынған партиялық тізімдері әзірге тіркелмеген. Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиеваның айтуынша, «Асар» партиясының партиялық тізім бойынша тапсырған құжаттары конституцияға және сайлау туралы заңға сәйкес. Бәлиева ханым барлық партиялық тізім бойынша тіркеу аяқталғаннан кейін тамыздың 18-інен бастап сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын бастауға болатынын айтып отыр. Ал, партиялық тізім бойынша тіркеу куәлігін алған Дариға Назарбаева ең маңызды мақсат-сайлау емес. Сайлаудан кейін тағы да жаңа жұмыстар басталады. Біз ешқашан тоқтамаймыз. Парламентте «Асар» партиясының мүшелері көбейсе онда көп шешімдерді өткізуге болады деп ойлаймын, дейді. Алдағы сайлауда әділ бәсекелестік бола ма? Бұл сұраққа Мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің пікірі әрқилы. Қазіргі парламент депутаты, алдағы сайлауда тағы да депутаттыққа түскелі отырған Рамазан Сарпеков сайлауды әділ бәсекелестікте өткізуге мүмкіндік бар деп есептейді. Ал, Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясы саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметовтың пікірінше, сайлауда әділ бәсекелістік болған емес. Парламент Мәжіліс депутатығына сайлауға түскелі отырған қазіргі Мәжіліс депутаты Қуаныш Алпысбеков сайлауда әділ бәсекелестік болады деп есептейді. Парламент Мәжілісінің тағы бір депутаты Серікбай Әлібаев болса бұған қарсы пікір білдіріп отыр.

Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, Алматы мен Астана қалаларында бір орынға 20, ал аудандық, ауылдық округтерде бір орынға 10 үміктерден келеді деген болжам бар. Ал, Орталық сайлау комиссиясының дерегіне қарағанда, бір мандаттық округ бойынша парламент Мәжілісі депутаттығына кандидтат ретінде қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 103 адам ұсынылған.
XS
SM
MD
LG