Accessibility links

КАНАДА ҮКІМЕТІ ИРАН СОТЫНЫҢ ШЕШІМІНЕ ТҮҢІЛІП ОТЫР


Канада ираннан шыққан канадалық журналист Захра Каземидың ісі бойынша Иранда өткен сот процессінің қортындысына түңілгенін жариялады. Сот Захра Каземидің өліміне жауапты деген арнайы қызмет агентінің кінәсі дәлелденбеді, деп агентті ақтап шыққан. Журналист Захра Каземи бір жыл бұрын Техранда ұсталған, соңынан соққыға жығылып, түрмеде қайтыс болған.Адвокаттардың тұжырымы бойынша, жауапты деген азаматтың бұл іске қатысы жоқ. Бұл азаматты адвокаттардың ойынша, негізгі жауапты адамдарға назар бұрымас үшін қойған. Бұл оқиғаға наразылық білдірген.Канада үкіметі өзінің Ирандағы елшісін қайта шақырып алған.
XS
SM
MD
LG