Accessibility links

ӨЗБЕКСТАНДА ЖАРЫЛЫС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ДЕГЕН 15 АДАМНЫҢ СОТЫ БАСТАЛДЫ


Ташкентте шілденің 26 күні Өзбекстанда болған жарылыстарды үйымдастырды деген күдікпен ұсталған 13 ер азамат пен 2 әйелдің ісі бойынша сот процесі басталды. Бұл жарылыс үстіміздегі жылдың көктемінде орын алған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда айыпты дегендердің басым көпшілігі жастар. Бұл Орта Азия мемлекеттері аймағында ислам халифатын құруды көздеген экстремистік топтардың ықпалымен жұмыс істеген жастар. Наурыз айының 28 мен көкектің 1 аралығында Ташкент пен Бухара облысында болған жарылыс салдарынан басы аяғы 50 адам қайтыс болып, 30 дан астам адам жараланған.
XS
SM
MD
LG