Accessibility links

Бүгін Кения үкіметі Ирақта экстремистерде кепілдікте отырған өз азаматтарны босатуды кезекті рет сұрады.


Кенияның сыртқы істер министрі Чайро Али Мваквер жауынгерлерге Кенияның Ирақта ешқандай әскері жоқ екендігін айтты. Кувейт фирмасының 7 жүргізушісін нақтырақ айтқанда 3 үнді, 3 кения және бір мысырлық азаматтарын қамауға алған Ирақтың ісламдық армиясы атанған топ, компаниядан Американдықтармен қарым-қатынасты үзуді талап етіп отыр. Осыған ұқсас талаптарды екі иордандық және екі пәкістандықты ұстап отырған басқа екі экстремистік топ та қойған. Пәкістанның сыртқы істер министрі Мазуд Хан бүгін пәкістандық ер адамдардың Америка күшімен жұмыс істемегендігін және Пәкістан Ираққа әскер жіберу туралы міндетеме алмағандығын айтты.
XS
SM
MD
LG