Accessibility links

Будапештте АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл Венгрияға Ирақтағы жағдайды ретке келтіру ісіндегі үлесі үшін алғысын айтты.


Ирақтағы коалиция күштерінің құрамында 354 венгр жауынгері бар. Венгрияның қорғаныс министрлігі бүгін Ауғаныстанға жауынгерлер жіберетінін хабарлады. Олар НАТО одағының бітімгершілік әскеріне қосылады. Будапешттен Пауэлл Таяу Шығысқа, Мысырға, Сауд Арабиясына, және Кувейтке барады. Келіссөздердің басты тақырыптары-Ізраил мен Палестина жанжалын және Ирақтағы жағдайды реттеу.
XS
SM
MD
LG