Accessibility links

Алматыда компьютермен әспеттелген суреттердің көрмесі өтіп жатыр

  • Нұрбол ҒАБДЫЛХАМИТ

Шілденің 27-сі күні Алматы қаласындағы «Тәңірі-Ұмай» галереясында жас суретшілер Илья Филатов пен Антон Дьяковтың «ПараГраф №2» деп аталатын көрмесі ашылды. Илья Филатов бұған дейін мұндай көрмені 1 рет өткіздік, оған да халық көп келді дейді. Көрмені тамашалауға келген қауым Илья мен Антон салған суреттердің басты ерекшелігі компьютерлік әспеттелуінде деп отыр.

Жас суретші Илья Филатов сурет өнерімен шұғылданғанына 12 жыл болғанын айтады. Жарнама агенттігінде қызмет істейтін ол жастайымнан өмірімді өнермен байланыстырдым дейді.

- Өнерге бет бұрғанымызға көп болды. Өз басым осы галереяда жургеніме 12 жыл болды.

Илья мен Антонның суреттерін тамшалауға халық көп жиналды. Заң саласында қызмет істейтін Назгүл есімді бойжеткен мұндай көрмелерден қанаттанып қайтамын дейді.

- Антон мен Илья 1-ші көрмесіне де шақырып еді, оған келе алмадым. Ал бүгін міне сәті түсіп тұр. Жалпы өзім заң саласында қызмет істеймін. Мына жерге келгенде өзіме бір беймәлім қанат біткендей сезімде боламын.

Ал суретші-сазгер Ерсайын Жапақ заман өзгерді, тиісінше бейнелеу өнеріне де соны жаңалықтар келді. Мәселен Антон мен Илья салған суреттер компьютермен әспеттеліпті. Біздің тұсымызда қағаз бетіне тек шынайылық түсірілетін. Мұнан да үйренеріміз көп болуы керек дейді.

- Мына көрменің атын «Жылы жел» деп қойыпты. Өз басым компьютерлік графиканы 1-ші рет көріп тұрмын. Бірақ енді 5 саусақ бірдей емес қой. Кейде ондай ағымды да қолдауымыз керек. Осының алдындағы көрмелеріне де келгенмін. Міне бүгінгісінде жастардың біраз дамығанын байқадым. Бұлар графикадан да живопись жасауға болатынын көрсетіп отыр. Мысалы осы живопись туралы Брылов айтқан ғой: «кез-келген кішкентай бояудан живопись тұрады» деп. Сол сияқты мынау грпафикадан да әртүрлі баяулар көрініп қалады. Бірақ формасы сақталған. Қазір мына компьютерлік заман деп жатыр ғой. Соған сәйкес жастар өнерде де өздерінің қолтаңбасын көрсеткен.

Көрмені тамашалауға келген тағы бір Жүсіп Ерғалиев атты азамат мұндай өнерді кез-келген адам түсіне бермейді. Біздің қоғамның азаматтары әлі күнге шейін «социалистік реализм» шеңберінен шыға алмай жатыр. Бірақ, солай екен деп жаңашылдыққа тосырқай қарауға да негіз жоқ дейді.

- Мұндайды көп адамдар, әсіресе қарапайым адамдар түсіне бермейді. Қазір бізде өнердің барлық түрі бар. Абстрактілі өнер, импрессенивті, сосын кубизм дейді, соның бәрі бар. Біз баяғыда «социалистік реализммен» ғана өстік, шындықты ғана бейнелеумен. Қазір мына Алматыда қатты дамып тұрған өнер түрі, ол – абстрактілі өнер. Сондықтан, оны күнде келіп көріп жүрген адамның өзі біртіндеп түсіне бастайды. Бұл суреттерді әркім өзінің ой-өрісі жеткен жерден түсінеді. Яғни, бұл жерге неғұрлым көп келген сайын, соғұрлым суретшінің жан-дүниесін ұғынып, онан кейін сол суретте нені бейнелегісі келді, қандай ой айтьқысы келді деген сияқты суретшінің өзіндік философиясын соның деңгейінен түсініп, ұғына бастайсың.

Жас суретшілер Антон Дьяков пен Илья Филатовтың Алматы қаласындағы «Тәңірі-Ұмай» галереясында «жылы леп» деп аталатын шілденің 27-сі күні ашылған көрмесі тамыздың 14-іне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG