Accessibility links

“Ақ жол” партиясының өкілдері Қазақстанның саяси жүйесіне түбегейлі реформа жасау қажет дейді

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Шілде айының 28-і күні “Ақ жол” партиясы саяси атқару комитеті Болат Әбіловке үкім шығарылуына байланысты саяси мәлімдеме тартты. “Ақ жол” партиясының тең төрағаларының бірі - Әлихан Бәйменов үстіміздегі жылдың 27-шілдесінде Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Болат Әбіловті 1 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Болат Әбіловке қатысты өткізілген соттың астары бар.

Бұл процес күзде өтететін Парламент сайлауына оны қатыстырмау үшін алдын ала орайластырылып жасалған және күні бұрын шешіліп қойылған. Соттың аз уақыт ішінде шұғыл жүргізілуі осыны көрсетеді. Осыған ұқсас шұғыл істер Ғ.Жақиянов, М.Әблязовқа қатысты қаралған, деді. Билік өкілдерінің жеке мүддесіне қатысы бар көпшілікке әйгілі болған жемқорлық пен басқа да заң бұзушылықтар туралы ақпараттар тергеусіз, тексерусіз күйінде жатыр, деді Әлихан Бәйменов:

-Қазақстандағы ең жоғарғы лауазымды адамдардың шетел банктеріндегі заңсыз есеп-шоттары төңірегінде қаралып жатқан “Қазақгейт” ісіне қатысты мәліметтер неге тергеу, тексерусіз қалуда? Президент әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағанбетовтың еліміздегі бір банктен 10 миллион доллар көлемінде күмәнді қаржылық операциялар жасағандығы жөнінде, Мәжіліс депутатының пленарлық отырыста жария еткеніне қарамастан бұл оқиғаның әлі күнге дейін бақылауға алынбауын қалай түсінуге болады?

Әлихан Бәйменов Қазақстандағы сот процестері билікке жағымсыз адамдарға қатысты болғанда өте шұғыл түрде қаралатын болды. Біз осы саяси мәлімдемеміз арқылы қарапайым талаптар қоямыз. Заң алдында Қазақстан азаматтарының барлығы бірдей тең дәрежеде жауапкершілікте болу керек. Атқарушы органдардың қысымымен қабылданған, алдын ала орайластырылған үкім билік тармақтарының іс жүзінде бір бірінен бөлінбегендігін және отандық сот жүйесінің жетілмегендігін көрсетеді. Мұны жұртшылықтың көпшілігі түсінеді және Қазақстанның саяси жүйесіне түбегейлі өзгерістер жасалуын талап етеді, деді. Осы орайда “Ақ жол” партиясы өкілдерінің саяси жүйеге реформа керек, деген мәлімдемесіне қазақстандық басқа саясаткерлер қалай қарайды? Отан партиясының төрағасының орынбасары Амангелді Ермегиев:

-Саяси жүйеге реформа керек деген мәселені ең бірінші елбасы көтерген болатын. “Ақ жолдықтар” тосыннан бір жаңалық аша қоймаған болар. Біздің партияның съезінде елбасымыз саяси жүйеге реформа керек екендігін қадап-қадап айтты.

Сарапшы маман Бөріхан Нұрмұхамедов Қазақстанның саяси жүйесіне реформа жасайтын кезең келді. Саяси реформа төмендегідей бірнеше бағытта жүргізілу керек. Біріншіден, өкілді органдар мен парламент өкілетін күшейту. Екіншіден, конституцияда жазылған жергілікті өзін өзі басқару жүйесін құру, соны қалыптастыру. Сонда ғана демократияның бастамасын көруге болады, дейді.

Депутат Серік Әбдірахманов болса саяси жүйеге реформа керек. Реформаларды президент бастап өзі жүргізіп жатыр. Кеше “Ақ жолдың” өкілдері ана жерде отырғанда не бітіріпті? Мен олардың сөзіне сенбеймін, дейді.

Саясаткер Болатхан Тайжан саяси жүйеге жасалған реформалар ең бірінші саяси өмірімізге бостандық беру керек. Екіншіден, тәуелсіз, дербес сот құруға ықпалын тигізу керек, дейді.
XS
SM
MD
LG