Accessibility links

Ирақтың Баакуба қаласында полиция бөлімшесі маңындағы автомобиль жарылысынан кем дегенде 51 адам қаза болды.


Шамамен 40-қа жуығы жаралы. Жарылыс ертеңгісін көшелер адамға толы болған кезде орын алған. Полиция бөлімшесі қала орталығында орналасқан. Тойота маркасындағы шағын автобус жарылған кезде, полиция қызметкерлері Ирақтың қауіпсіздік күштеріне өз еркімен келіп жатқандардың тізімін жазып жатқан. Автомашинада жанпидашы лаңкесші болған.
XS
SM
MD
LG