Accessibility links

АҚШ және Ирақ мемлекеттері Сауд Арабия ұсынысын құптап отыр


АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл бүгін Әр-Риядта Ирақтың уақытша үкіметінің жетекшісі Ияд Аллауимен Сауд Арабия үкіметінің ұсынысын талқылады. Сауд Арабия үкіметі Ираққа араб әлемінің әскери битімгершілік күштерін жіберу туралы ұсыныс жасаған болатын . Келіссөздер аяқталғаннан кейін жасаған мәлімдемесінде Колин Поуэлл бұл Сауд Арабияның алдын ала айтқан ойлары. Біз бұл ұсынысты Ирақ үкіметінің жетекшісі және Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннанмен талқыладық. Біз Сауд Арабия ұсынысын құптап отырмыз, сол себептен болашақта айтылған ұсынысты егжей-тегжей талқылаймыз, -деді ол.
XS
SM
MD
LG