Accessibility links

Қазақстан үкіметі денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың тағы бір бағдарламасының жобасын мақұлдады


Жобада алты негізгі міндетті іске асыру көзделіпті. Бұл денсаулық сақтауда адам мен мемлекет арасындағы жауапкершілік жігін ажырату. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда халықаралық принциптерге сүйену, денсаулық саласын басқарудың жаңа жүйесін құру, ана мен бала денсаулығын нығайту, әлеуметтік маңызы бар ауру деңгейін тұрақты төмендету және медициналық білім беру жүйесін реформалау.

Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевтің айтуынша, соңғы он жылда халықтың денсаулық жағдайы жақсармаған. Қазақстан халықының өмір сүру ұзақтығы еуропаның дамыған елдері тұрғындарына қарағанда орташа есеппен 11-14 жылға кем. Ана мен бала өлімі жоғары күйінде қалып отыр. Денсаулық сақтау министрінің айтуына қарағанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар өзекті проблемала болуда. Олар әсіресе,наркологиялық, түберкулез және қант диабеті аурулары. Халық арасында ВИЧ инфекциясының жаппай таралуы қарқын алуда. Бұған дейін жүргізілген алдын алу жұмыстары елде әрбір екінші баланың осы аурурлардың бірімен ауыратынын көрсетті, дейді министр Досаев. Алайда, денсаулық сақтау министрі ресми мәліметтер елдегі барлық шынайы жағдайды көрсетпейді, дейді. Оның пікірінше, мұның себебі өтпелі кезеңдегі әлеуметтік- экономикалық проблемада ғана емес денсаулық сақтау жүйесінің алдын алу жұмыстарының әлсіздігі мен артта қалғандығында. Бар қорды тиімді пайдаланбауда. Министрдің айтуынша, аталған саланы реформалауда әлемнің 65 елінің тәжірибесі сараланған. Досаев мырза отандық денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың негізгі тетігі- алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету саласын реформалауда деп отыр.

Министрдің айтуынша, бұл саланы дамыту екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең, 2005-2007 жылдары қазіргі бар амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету жүйесі сақталып дамытылып, материалдық жағдайы жақсартылады. Әсіресе, ауылдың денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінеді. Екінші кезең, 2008-2010 жылдары дербес алғашқы медициналық –санитарлық көмек көрсету орталықтары құрылады, дейді министр Досаев. Ерболат Досаевтің сөзіне сүйенсек, адам денсаулығының 50-55 пайызы өмір сүру жағдайына, 18-20 пайызы генетикалық факторға, 20 пайызы қоршаған ортаға, тек 8-10 пайызы ғана денсаулық сақтау жүйесіне байланысты. Денсаулық сақтау жүйесінің басқару негізінен әкімшілік әдісте. Бұл басқарудың тиімсіз тәсілі. Бағдарлама жобасында басқару жүйесін өзгерту басым бағытатардың бірі болып отыр. Республикалық деңгейде атқарылған 300 қызмет түрінің үштен екісі жергілікті жерге беріледі, дейді министр. Бағдарлама жобасында 2005 жылы медициналық қызметтің сапасын бақылауға арналған мемлекеттік орган құру көзделіпті. Досаев Қазақстанда бұл мәселеге бүгінгі күнге дейін тиісінше мән берілмей келе жатқанын айтады. Министр 2008 жылы экономикалық жағдайдың жақсаруына қарай 2010 жылдан соң міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мүмкіндігі қаралатынын, 2005-2007 жылдары денсаулық сақтау жүйесінің біріңғай ақпараттық жүйесі құрылатынын айтады. Экологияның адам денсаулығына әсерінің 20 пайызды құрауы үкімет басшысы Даниал Ахметов маңыз берген мәлімет болды. Ал, қоршаған ортаны қорғау министір Айткүл Самақова көптеген аурудың көзі елдегі күрделі экологиялық жағдайдан туып жататынын жоққа шығармайды. Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемінің ұлғайып келе жатқанын айтады: - Мемлекеттік бюджетте денсаулық саласын қаржыландыру ішкі жалпы өнімінің 2,6 пайызын құрайды, келесі жылдан бастап 2,9 пайызға жуықтайды, ал бағдарламны іске асыру мерзімі - 2010 жылы қыржыландыру ішкі жалпы өнімнің 4 пайызына жетеді. Бұл әлемдік стандартқа сәйкес келеді. Үкімет мақұлдаған мемелекеттік бағдарлама жобасы енді Қазақстан президентінің қарауына ұсынылмақ.
XS
SM
MD
LG