Accessibility links

Алматыда оралман әйелдерге арналған жаңа жағдайға бейімделудің ресурстық орталығы ашылды


Қазақстанға шет елден келіп жатқан оралмандар саны жыл сайын өсуде. Жыл сайын квота арқылы келгендерді қоспағанда, Алматыға квотадан тыс 2000 отбасы келген екен. Қазақстандағы жаңа өмір сүру жағдайына бейімделелу барысында халықаралық қатынас тілі орыс тілін білмегендіктен қиындықтари туады. Осы қйындақтарды шешу мақсатында Алматы қаласындағы Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы орталығының қолдауымен Қазақстан іскер Әйелдер қауымдастығы « оралман әйелдердің жаңа өмір сүру жағдайына әлеуметтік – эканомикалық бейімделу » ( ресурс орталығы) жобасын іске асырмақ.

Қазақстан Республикасының Үкіметінен бөлінген квота арқылы өздерінің тарихи Отанына қайтып оралып жатқан азаматтар жыл сайын көбеюде. Дегенмен көптеген отбасылар квотадан тыс келіп жатқандықтан, жұмыспен қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселесі, сондай – ақ басқа да тұрмысқа қажетті мәселелерді өздері шешуіне тура келеді. Оның үстіне олар мемлекеттік өкілдер алдына түрлі өтініш, арыз толтыруы керек. Қазақстанда жаңа өмір сүру жағдайына бейімделу барысында халықаралық қатынас тілі орыс тілін білмегендіктен көптеген қиындықтар туындайды. Осыған байланысты Алматы қаласындағы Еуропа Қаіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы орталығының қолдауымен Қазақстан іскер Әйелдер Қауымдастығы « оралман әйелдердің жаңа өмір сүру жағдайына әлеуметтік – эканомикалық бейімделу » жобасын іске асырмақ. Бұл жоба барысында ресурс орталығы жұмыс жасайтын болатын. Қазақстан іскер Әйелдер Қауымдастығының президенті Раушан Сарсенбаеваның айтуынша, аталмыш орталықта тұрақты түрде заңгер және аудармашы жұмыс жасайтын болады.

Алматыдағы Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы яғни ОБСЕ-нің төрағасы Ивар Викки мырзаның айтуынша , бұл жоба ОБСЕ-нің қаржыландырып отырған бірінші жобасы емес. Оның айтуынша, өткен 2003-ші жылы Қазақстан іскер Әйелдер Қауымдастығының « өз ісіңді баста және дамыт » атты жобаға өз көмегін тигізген екен. Ивар Вики мырзаның атап өткен, 2003-ші жылғы жоба арқылы, 7 ай мерзім ішінде дәріс алған 700-ге тарта оралман қыз- келіншектердің 600-дейінің бірі өзге жұмысқа орналасқан болса ендігілері өз кәсібін ашқан екен. Осындай кәсіпкерлерлікмен айналысып жатқан оралман әйелдер ішінде өз тігін ательесін ашқан Сәулет Тұрсынханда бар:

- Шет елден келгеннен соң алғашқыда қиын болды. Мен Қытайда оқып, жұмыс жасағанмын. Осында жұмыс таппаған соң, 3-4 оралман келіншектердің басын қосып өз ательемді ашқан болатынмын. Содан бір жыл ішінде бар ақшамды шығындап, жағдайым нашарлап кетті. Одан осы іскер Әйелдер Қауымдастығында семинарлар жүреді деген соң келіп, дәріс алдым. Соның арқасында қазір жағдайым жақсы, қол астымда 15 адам істейді. Ұлттық және әскери киімдер тігеміз.

Алматы қаласына квота арқылы келушілерді санамағанда, квотадан тыс 2000 отбасы келген екен. Оралмандар отбасы көп балалы болып келеді. Көптеген мәселелерді шешу әйелдің үлесіне тиеді. Олардың көпшілігі жұмысқа орналасуы үшін, отбасылық кәсіпкерлікпен айналысуы үшін өз құқықтарын білуі қажет. Қауымдастықтың бас кеңсесінде сол үшін әрдайым заңгер маман мен аудармашы отырады. Олар әртүрлі мемелекеттік және жеке ұйымдарға қатысты құжаттарды дайындауға бағыт беріп отыратын болады. Сондай- ақ жаңа тұрмыстық ортада бейімделу барысында оралман әйелдердің құқықтары мен эканомикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды үйретеді. Бұл ақпаратқа қызығушылық тудырған адамдарға төмендегі анықтама телефондарын ұсынамыз. " Оралман әйелдердің жаңа жағдайға бейімделу ресурс орталығы" Алматы қаласында, Қазақстан іскер Әйелдер Қауымдастығының бас кеңсесінде орналасқан. Анықтама телефондары 67 - 50 – 47.
XS
SM
MD
LG