Accessibility links

Нұрғиса Тілендиевтей биік тұлға Әбілхан Қастеевтың ғасырлық тойы келді


Республикасының халық суретшісі , Шоқан Уәлиханов атындағы мемелекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан Қастеевтың туылғанына 100 жыл толуына орай үлкен той өтіп жатыр. Бүгін, жұма күні Алматыдан өнер қайраткерлері, суретшілер мен журналистер қауымы бастаған үлкен топ Абылған Қастеевтің туып - өскен жері Шежін ауылына аттанды.

Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі , Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының халық серутшісі Әбілхан Қастеевтің туылғанына 100 жыл толғанына байланысты осы күндері үлкен мерей той өткізілуде. Той атақты суретшінің туып - өскен ауылы Алматы ауылы Панфилов ауданы Шежін елді мекенінде өтеді. Шілдені 30-ы күні Алматыдан ақын жазушылар мен енер адамдары, мәдениет қайраткерлері бастаған топ тойды өткізуге аттанған болатын. Аталмыш шараны ұйымдастырушы Алматы облысының әкімшілігі мерейтойдың өткізілуіне 2 млн. теңге бөлген болатын. Облыстық ұлтық шығармашылық орталығының маманы Эльмира Құстаубаеваның айтуынша, той барысында тек ас беріліп қана қоймай тағы да басқа шаралар жүзеге асырылмақ:

- Ол сол Жаркент қаласында Ә. Қастеев атындағы галереяның тұсау кесу рәсімі болмақ. Және кеншке үлкен концерт өтпек.

Мерейтойды тойлауға бара жатқандар арасында болған Қазақстанның халық әртісі Нұржыман Ықтымбаев , аталмыш шара туралы пікірін төмендегідей білдірді:

- Әрбір өнер саласының ізін салған, бастамасын салған, ең бірінші бораздасын салған бір өнер адамдары болады ғой. Солардың бірі Әбілхан атамыз. Ең бірінші ақсеркеміз ғой енді. Ең ауыртпалығында көтерген сол кісі. Сонан кейін сол із басарлар, оқушылар өсті, дамыды. Бері қарай жалғастырып күні бүгінге дейін алып келді. Жалпы қазақстанның тойы дегеннен гөрі мына, бүткіл өнер адамдарының тойы деген дұрыс. Менің өзім осындай той жалғаса берсе деймін.

Қазақстан Республикасының тұңғыш мүсіншісі Наурызбай Хәкімжанұлы Әбілхан Қастеев ерекше адам болған дегенді айтып отыр: - Ол кісінің ерекшелігі адамгершілікте, мол адамгершілікте. Ол кісінің суреті, жасаған еңбектерінің барлығында адам жаны, адамгершілігінің иісі шығып тұратын.

Дүниден өтседе аты өшпейтін ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтей ел алдындағы еңбегі ерең Әбілхан Қастеевтың ғасырлық тойы келді, дейді мәдениет саласының майталмандары.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG