Accessibility links

Қазақстан археологтары Бозок ежелгі қонысының тағдырына алаңдаушылық білдіруде


Астана каласының іргесіндегі Бозоқ ежелгі каласының орнында Казакстан мен Ресей археологтары осы конысты сактап калу жонінде баскосу өткізді. Археологтарды астанада канат жайған кұрылыстардың каркыны алаңдатып отыр.

Ресейлік археолог Сергей Баталовтың айтуынша, ескерткіштін тарихи мәнділігін ашу үшін 1ші рет далада өткізіліп отырған баскосу. Бозок ескерткішінін кұпиясы тым коп. Ойткені, Бозык калашығы екі тарихи кезенді камтиды. 1- ші огыз кыпшак, 2ші Алтын орда дәуірі. Оның айтуынша сол кездегі жартылай отырыкшылык омір сүрген тайпалар бүгінгі казак еліндегі калалардын кұрылуына септігін тигізген. “Мұндай ғажайып үлгі Волга бойы, Солтүстік Кавказ, Днепр бойындағы елдерде кездескен емес”,- дейді ол.

Еуразия университетінін доценті Токей Тәлиевтің айтуынша, Астанаға дейін де мыңдаған жылдар бұрын халык коп коныстанған бабаларға жайлы орын болған ежелгі каланы сактап калу орнына Астананың бұрынғы әкімі бос мекен ретінде тұрғындарға жеке үй салуға бөле бастады. Әупіріммен археологтардың күшімен кұрылыс салу токтатылды. Алда әлі де кедергілер коп,-“ дейді Токей Тәлиев. Сарыарка археологиялык мұражайының директоры Жұман Смайыл оркениетті елдерде осындай ашық аспан астындағы мұражайлардың ешкандай киындыксыз сакталатындығын айтады. Оның айтуынша, Хакасия жерінде 300 ден астам балбал тастар, Литвада 50 аспан астындағы табиғи-мәдени ландшафтык ескерткіштер сақталған көрінеді

Басқосуға Түркістаннан келген археолог Сәйден Жолдасбаев осы ежелгі қоныстың атының озі коп нәрседен хабар беретіндігін айта келіп, оның “Боз ок па”, “бұзык па “соның да мағынасына үнілу кажеттігін айтады Оның айтуынша, ендігі жерде казақ халкының көшпелі емес жартылай көшпелі ел болғандығын дәлелдейтін фактілер жеткілікті

Казакстан-Ресей археологтары ірі калалардың Жібек жолы бойында ғана емес, арка оңірінде де болғандығын айтады.
XS
SM
MD
LG