Accessibility links

Иран кезінде Еуропалық одаққа берген ядролық бағдарламадағы ашықтыққа қатысты уәдесімен байланысты емеспіз деді.


Бүгін Иран сыртқы істер министрі Камал Харрази осындай мәлімдеме жасады. Еуроодақтың алдыңғы қатарлы елдері жуырда жасалған халықаралық агенттіктің атом қуаты жөніндегі резолюциясын құптады. Онда Иран ядролық бағдарламалар төңірегіндегі ақпаратты жасырғаны үшін сыналады. Харразидің сөзінше, Еуроодақпен келіссөздер жүргізіп жатқан Ұлы Британия Франция және Германия Иранға қатысты міндеттемелерін орындамаған. Өткен жылы қазан айында еуропалықтар Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттікпен туындаған проблемаларды шешуге себін тигіземіз деген болатын. Харрази Иранның уранды байытуда пайдаланатын арнайы қондырғылар жасау өндірісін жандандырғанын мойындады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG