Accessibility links

НАТО одағы Ирақ үшін, қауіпсіздік күштерін дайындауға келісті


Бұл туралы Брюссельде НАТО-ның бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер хабарлады. Оның сөзінше, 40 адамнан тұратын бапкерлердің алғашқы тобы тамыз айының басында Ираққа жіберіледі. АҚШ күштері НАТО-миссиясының қауіпсіздігіне жауапты. Ирақтың уақытша үкіметіне осындай көмек көрсету шішімі жұма күні Брюссельдегі НАТО-ның ресми өкілдері арасындағы үш күндік келіссөздерден кейін қабылданған. Бұған дейін, Ираққа бапкерлерді жіберу мәселесі Францияның қарсылығына бола шешілмей келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG