Accessibility links

Парагвайда 300 -дей адам қаза тапты


Парагвай астанасы Асунсьон маңындағы елде мекенде болған жарылыс пен өрттің салдарынан 300 дей адам қаза тапты, жүздеген адам жараланды. Полиция мәліметеріне жүгінсек, сауда кешенінің күзетшілері өрт басталғанда шығатын негізгі есікті жауып қойған. Осылай күзетшілер дүкенге келген азаматтар алған заттарының ақшасын төлемей қашып кетпесін, деп сақтанған. Бұл өз кезегінде қасірет көлемін үлкейтіп жіберген. Әзірге жарылыстың не себептен шыққаны белгісіз. Алдын ала жасалған жорамал бойынша, ресторандардың біріндегі асханадан газ шыққан. Парагвай президенті Никанор Дуарте келіп жатқан жаралылар мен күйікке ұшырағандарға мемлекеттік ауруханалардың күше жетпей жатқандығына байланысты жекеменшік ауруханаларды зардап шеккендерге көмектесуге шақырды.
XS
SM
MD
LG