Accessibility links

Судан әскері қақтығысқа итермеленіп тұр


Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесі жұма күні қабылдаған резолюциясын Судан “соғыс жариялаумен” тең деп бағалап отыр. Мұндай мәлімдемені қарулы күштерінің жоғары шенді өкілі, генерал Мохаммед Бешир Сулейман жасады. Оның сөзіне жүгінсек, Судан әскері тойтарыс беруге дайын. Біріккен Ұлттар ұйымының кеңесі Судан үкіметіне бір ай уақыт берген. Осы уақыт ішінде олар Дарфур провинциясындағы жергілікті халықты қорқытып-үркітіп отырған араб топтарын қарусыздандыруы керек. Бір жылдың ішінде мұнда 50 мыңдай адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG