Accessibility links

Нью-Йорк тұрғындары кезекті қауіпсіздік дабылынан кейін де қалыпты жағдайда жұмыстарын жалғастыруда

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Нью-Йорк тұрғындары кезекті қауіпсіздік дабылынан кейін де қалыпты жағдайда жұмыстарын жалғастыруда. Сити груп пен Қаржы биржасы ғимараттары маңайы қызу қауіпсіздік дайындық шараларына толы. Ал, ол ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер мұндай қосымша қауіпсіздік шараларының жүргізіліп жатқандығына риза.

Биіктігі 280 метрге жететін Сити груп бас пәтерінде дүйсенбі күні де жұмыстың одан әрі жалғаса беретіндгі байқалып тұрған болатын. Бомбаны анықтайтын иісшіл иттер жетектеген полиция қызметкерлері жүргіншілерді метро есігінен қарсы алып тұрды. Көшелер толы көліктер мен жүргіншілерге арналған жалғыз аяқ жолдарға жабдықтарын жайып тастаған теледидар қызметкерлері оқиға көріністерін одан әрі үстей түскендей. Ғимаратқа кірушілерді тексеретін қосымша қауіпсіздік бекеті пайда болған-ды.

Ситибанктің қаржылық сарапшысы Станлей Фишман Азаттық тілшісіне берген сұхбатында жұмысқа келер алдында өзінің еш жүрексінбегендігін айтты. “Жоғарғы дәрежедегі мұндай қауіпсіздік атмосферасымен бұдан бұрын да бетпе-бет келген болатынмын. Сондықтан бұл жағдай мен үшін жаңалық емес. Алайда көптеген адамдар әлі үрей құшағында. Сол себепті олар не болып жатқаны, қауіпсіздік жағдайының қалай реттеліп отырғаны туралы қауіптенуде”-, деді Фишман мырза. Жексенбі күні Құрама Штаттары İшкі қауіпсіздік департаменті тарапынан қағылған бұл дабыл аса дәлелді болмаса керек, деген пікірді сұхбаттасқан біраз азаматтар білдіріп жатты.

Дойтш банктің қызметкері Виней Капордың пікірінше Нью-Йорктегі қаржылық мекемелер әрдайым нысана көздері ретінде қарастырылатынға ұқсайды. Оның пікірінше, Американың қаржылық мығымдығын айғақтайтын ұйымдар қашан да нысанада. Сондай-ақ Америка иелігіндегі ірі және оның экономикалық мүмкіндіктерін айғақтайтын нәрселер көзге ұрып тұрады, дейді Капор мырза. Қаржы биржасы мекемесі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Манхеттіндегі қауіпсіздік шаралары үлкен қарқынмен жүргізілуде. Полицияның ауыр машиналары осы аймаққа әкелетін жолдарды жіті қадағалауда. Арнаулы күштер офицерлері туристер мен банк қызметкерлері араласып кеткен нөпір халық арасында өз қызметтерін атқаруда.

Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында Қаржы биржасы қызметкері Симона Круз атты ханым бұл дайындық шараларына өзінің риза сезіммен қарайтындығын айта келіп, алайда үрейленбейтіндігін білдірген болатын. “Мұндай күндерде демалыс алғанды жөн көрмейсіз бе?” деген сауалға ол “İшкі түйсігім маған жұмыс орыныңа барып, қызметіңді одан әрі жалғастыра бер, дегенді айтуда”,-деп жауап берген еді. “Әл-Қайда туралы не білесіз?” деген сауалға Круз ханым: “Сонша көп нәрсе білмеймін. Жалғыз тілегім-олар бұл жерлерден аулақ болса екен”,-деп жауап қайтарды. Қалыптасып отырған жағдайға икемділік танытқандай болған барлық ірі қаржылық базар көрсеткіштері дүйсенбі күні кешке жоғарылай түскен болатын
XS
SM
MD
LG