Accessibility links

Ирақтағы қауіпсіз өмірдің жетімсіздігі себепті елдегі маман кадрлар сыртқа кетуге талпынуда

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Ирақтағы қауіпсіз өмірдің жетімсіздігі себепті елдегі маман кадрлар сыртқа кетуге талпынуда. Олар үшін әсіресе кепілдікке кісіні ұрлау әрекеттері айрықша қорқынышты болуда.

Ирақ ресми өкілдері сөзіне қарағанда, қазіргі кезде шет елге кетуге тырысушы отандастары саны Саддам Хусейн билігі тұсындағыдан көбейе түскен. Ирақтың Көші қон істері бойынша министрлігі жанындағы баспасөз директоры Фарис Даниелдің айтуынша Саддам билігі тұсында шетелдерде төрт миллиондай ирақтықтар тұрған екен. Ал, қазір олардың саны өсе түскен.

“Эмиграцияға кету деген сөз- өлімнен және қауіпсіздік сақталмаған Ирақ елінен қашу деген сөз. Шынын айтқанда, Ирақ қазіргі кезде лаңкестер баспанасына айналған. Паспорт беретін кеңсеге көз салыңызшы, сонда сіз сыртқа кеткісі келетіндердің қаншалықты көп екендігін көресіз. Егер ирақтықтарда қаржы болса, онда кеткісі келетіндер санының екі есеге өскендігіне куә болар едік. Мен оған сенімдімін”-, деді Даниел мырза. Ол сондай-ақ, сыртқа кетушілермен қатар елге оралушылар санының да өсе түскендігін айтып отыр. Сондай достарының сөздерін еске ала келіп Даниел мырза, олардың Ирақты қайта қалпына келтіруге ат салысқысы келетіндігін жеткізді. “Қазіргі қалыптасқан жағдай біз үшін сынақ кезеңі” депті ол отаншыл азаматтар.

Саддам билігі тұсында, әсіресе 1980-88 жылдардағы Иран-Ирақ соғысы тұсында кедей ирақтықтар шет жерден экономикалық мүмкіндік іздеп кететін. Сондай-ақ Кувейтке басқыншылық соғыстан кейін 1990-шы жылы БҰҰ тарапынан салынған тиым да шетке кетушілер санын көбейте түскен болатын. Қазір де экономикалық мүмкіндіктер қауіпсіздік шараларының жетімсіздігі салдарынан елдегі жұмыссыздар саны 50 пайызға жақындап отыр. Шетке кетушілердің негізгі баратын жерлері Иордания мен Сирия болуда. Онда олар іскерлікпен айналысып, тіпті болмаса жаны тыныш жерде өмір сүруді ойлауда.

Лиад Аллауидің басқаруындағы өкімет өзінің ең басты міндеті ретінде елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деп отыр. Ол үшін көтерілісшілерді басып, қылмыскерлермен күресті күшейте түсуде. Соның бір дәлелі ретінде бұл өкімет елде өлім жазасын, ауыр қылмыс жасағандар үшін, қайта қалпына келтіру жөнінде мәселе қозғаған болатын. Бұл ұсынысқа халықаралық қауымдастық қарсылық танытқаны белгілі. Алайда, елде тезірек тәртіп орнату жөніндегі Ирақ полициясының ұмтылыстары қолдың қысқалығынан қайраңдап тұр. Атап айтқанда, алты миллион тұрғыны бар Бағдатта бар болғаны 15 мыңдай полиция өкілдері қызмет атқаруда. Адам ұрлау қылмысына қарсы күрес одағында бар болғаны 30 адам бар екен. Осы одақ басшысы сөзіне қарағанда биыл елде адам ұрлау әрекеттері ауыр қылмыстардың 70 пайызын құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2002-ші жылы бір-ақ пайыз болған екен. Полиция қызметкерлері Ирақ тұрғындарынан күдікті қылмыскерлер жөнінде білетін деректерін полиция бекеттеріне хабарлап тұруды сұраған болатын. Өткен айда қылмыскерлерге қарсы қарқынды күрес жүргізіліп, нәтижесінде 500-дей адам тұтқындалған екен. Сондай-ақ төрт тонна жарылғыш заттар тәркіленген-, дейді Азаттық радиосының тілшілері.
XS
SM
MD
LG