Accessibility links

Дүйсенбіден бері Ирақта АҚШ-тың 3 жауынгері - бірі Ирақтың Әл-Анбар өлкесіндегі шайқаста оққа ұшса, қалған екеуі – Бағдадта автокөліктің бомбадан жарылған кезінде опат болды.


БАҒДАД: Дүйсенбіден бері Ирақта АҚШ-тың 3 жауынгері қаза болды. Олардың бірі Ирақтың Әл-Анбар өлкесіндегі шайқаста оққа ұшса, қалған екеуі – Бағдадта автокөліктің бомбадан жарылған кезінде опат болды. Тас жол бойындағы бомба жарылысынан бүгін Бағдадтағы полиция бөлімдері басшыларының бірі қаза тапты. Ирақтың солтүстігіндегі Киркук шикізат көзінен Түркияның Джейхан портына мұнай айдайтын мұнай құбыры жарылды. Түркиялық жүк тасымалдаушылардың Ассоциациясы Ирақтағы АҚШ әскеріне жүк тасуын доғарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG