Accessibility links

Қарағандылық тұрғын әйел Қазақстанның Денсаулық министрлігін сотқа берді


Қарағанды қаласының тұрғыны Елена Васецкая өзінің 8 айлық баласына туберкулезге қарсы вакцин екпесі егілгеннен кейін оның денсаулығы нашарлаған себепті Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігін сотқа беріп отыр. Осыған байланысты өткен дүйсенбі күні Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты осы істі қарай бастады. Елена Васецкаяның сотқа түсірген шағымында жас нәрестесіне туберкулез ауыруына қарсы тұру үшін еккен вакцин екпесінен кейін жас нәрестенің денсаулығы нашарлап, ақыры ресейлік дәрігерлерідің көмегіне жүгінуге мәжбүо болғандығын айтқан.

Оның айтуынша ресейлік дәрігерлер жас баланың денсаулық жағдайының бұзылғандығына байланысты Қавқаздағы Минеральние Воды шипажайына барып баланың денсаулығын түзеуді кеңес еткен. Баланың үнемі дәрігери бақылауда болуы, жыл сайын шипажай, ауыруханаларда емделу қажет екендігі айтылған.

Дүйсенбі күнгі Қарағандыда өткен сот тыңдауына қатысқан Қазақстанның денсаулық министрлігінің бас педиатры яғни балалардың бас дәрігері туберкулезға қарсы вакцинның Югославиядан алынғандығын, Дүниежүзілік стандарттарға сай болғандықтан тендер бойынша сатып алынғандығын айтты. Бұл вакцин Қазақстанда тіркелген, ал алғаш осындай вакцин егілген кезде балалардың аз кем ыстықтары көбейіп, ауыратындықтарын айтты. Бұл барлық балаларда бола бермейді, кейбір денсаулығы әлсіздеу балаларда кезігеді, ал жәбірленген бала жағдайына келер болсақ, оның қәзіргі денсаулығы жақсы деді.

Ол осы вакциннен болып өткен жылы Қарағанды облысында 209 баланың денсаулығында өзгерістер болып, балалардың қиналғандарын растады. Алайда осы балалардың барлығы да есепке алынып қәзір олардың денсаулықтары жақсарды деді.

Ал дүйсенбі күнгі сот тыңдауын басқарған Қарағанды қалалық Қазыбек би аудандық сотының мүшесі, судья Бақыт Ахметова жәбірленуші Елена Васецкаяның Денсаулық министрлігінен талап етіп отырған 13 млн 600 мың теңгенің моральдық шығынын Денсаулық министрлігі төлемейиіз деп отырғанын айтты.

Соттың келесі тыңдауы тамыздың 12 сі күні жалғасатын болды.
XS
SM
MD
LG