Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Косоводағы реформалардың жүзеге асуы жөнінде алаңдаушылық білдіріп отыр.

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Косоводағы реформалардың жүзеге асуы жөнінде алаңдаушылық білдіріп отыр. Сондай-ақ Косво басшыларының елдегі ұлттық азшылық өкілдері жағдайын жақсарту жөніндегі реформаларды мейлінше жеделдетуін сұрауда.

БҰҰ тарапынан әзірленген 16 беттік баяндаманың басым бөлігінде Косоводағы ұлттық азшылықтар жағдайын жақсартуға бағытталған реформалардың мейлінше тиімді жүргізілуіне жергілікті басшылықты шақырған. Бас хатшы мырза осы жылдың наурыз айында сол аймақта болған күш қолданулар кесірінен пайда болған жан және тән жараларының жазыла қоймағандығын еске салып өтті.

Ол оқиғалар барысында 19 адам қаза болып, 900-дей үйге залал келтірілген болатын. Аннан мырзаның өкілі Фред Екхардтың айтуынша бұл баяндамада Косово Ассамблеясының БҰҰ-ның талабымен ел Ата заңына өзгерістер енгізу ұсыныстары жөніндегі әрекеттері сөз болған екен. “Косово Ата заңына өзгерістер енгізу жөніндегі Косово Ассамблеясының ұмтылыстары айқын түрде оның бәсекелестігінен тыс болып отыр. Және Косовоның кезек күттірмейтін мүмкіндіктеріне құлықсыз түрде назар аударылып отырғанын байқатуда”-, деді Екхард мырза. Бейсенбі күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Косово мәселесі қаралатын болады. Бес жылдан бері бұл аймақтың БҰҰ протекторатында болып келе жатқаны белгілі. БҰҰ-ның аймақтағы өкілі жаңа ұсыныстар жасауда. Ол бойынша етникалық Албан басшыларымен келісімдерді жақсартудағы БҰҰ-ның реформалық саясатын қайта қарау ұсынылып отыр. Косоводағы ол өкіл, Норвегиялық дипломат Кей Ейеду арнайы баяндама әзірлеген болатын.

Қауіпсіздік кеңесінің белгісіз боп қалуды қалаған дипломатының Азаттық радиосы тілшісіне айтуынша, Ейеду өкіл Косово мәртебесіне байланысты саясат ырықталғанға дейінгі белгілі бір үлгілерді, қалыптарды ұсынған екен. Атап айтқанда, ұлттық азшылықтың жағдайын жақсартуға байланысты маңызды қадамдарға назар бұрып, сондай-ақ олардың тез арада жүзеге асуын қарастыру көзделуде. Егер бұл стандарттар жүзеге асқан жағдайда етникалық Албан басшыларына билік тұтқалары тезірек табыс етілер еді, дейді дипломаттар. Ол билік тұтқалары экономикалық бақылау орнату, заң және жергілікті әкімшілік салаларын қамтитын болады.

Ресейдің БҰҰ-ндағы жаңа елшісі Андрей Денисов сейсенбі күні журналистерге берген сұхбатында Косово мәселесінің басты тақырып ретінде қарастырылатындығын айтты.

Наурыз оқиғаларына байланысты естеліктердің әлі көмескілене қоймауы себепті Косово мәселесі аса маңызды сауал екендігіне тоқтала келіп, ресейлік елші Қауіпсіздік кеңесінде, осы айда қызу сөйлесулер өткізуді жоспарлап отырғандарын айтты. Жоғарыда аталған қалыптарға, стандарттар орай шолудың келер жылдың ортасына дейін шегеріле тұруына күш салатындықтарын және Косово мәртебесіне байланысты Белград саясатын қолдайтындықтарын Денисов мырза атап өтті.
XS
SM
MD
LG