Accessibility links

Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылымындағы селекция, биотехнология және генетикалық ресурстарындағы басым бағыттарды дамыту мәселелеріне арналған тұңғыш халықаралық мәслихат өтуде


Тамыздың 4-і күні Астанада Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылымындағы селекция, биотехнология және генетикалық ресурстарындағы басым бағыттарды дамыту мәселелеріне арналған тұңғыш халықаралық мәслихат өз жұмысын бастады.

Тамыздың 6-сына дейін жалғасатын мәслихатқа Америка Құрама Штаттары, Австралия, Мексика, Индия басқа да алыс және жақын шет елдердің көрнекті ғалымдары қатысуда.

Мәслихатқа қатысушылар аграрлық зерттеуде биотехнология және гендік инженерияны жоғары технологиядағы басым бағыттарға теңеп отыр.

Әлемдік сауда ұйымына ену алдында тұрған Қазақстанның және еуразиялық экономикалық қоғамдастығы мемлекеттерінің ортақ рыногын жасауда жоғары биотехнологияны құру - ғалымдар айрықша маңыз беріп отырған мәселе болуда.

Дүниежүзілік сауда ұйымына ену алдында тұрған Қазақстанның және еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдерінің ортақ рыногын құруда тиімділігі жоғары биотехнология мен биотехнологиялық өнімдердің өндірісін жасау Қазақстан экономикасын дамытуда маңызды кезең болады. Қазақстандық ғалымдар осылай деседі.

Ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Қилыбай Медеубеков соңғы жылдары Қазақстанда мал саны көбейгенін, алайда, оның өнімінің сапасы ақсап жатқанын, дегенмен, әлемдік сауда ұйымына енуде өнім сапасын арттыруға мүмкіндіктердің барын айтады.

Павлодар қаласындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры, академик, ғылым докторы Кенже Абдуллаев Қ азақстанда биотехнология саласында нәтижелі жұмыстар бар, бірақ алға дамыту керек, дейді:

Абддуллаев мырза Қытай елі биотехнология саласымен күріштің бірнеше түрін шығарып жетікістерге жетіп отыр, дейді.

Жүгері мен бидайды жақсарту жөніндегі халықарылық орталықтың өкілі Америкадан келген Томас Пейн аталған саладағы Қазақстан тәжірибесіне байланысты мынадай пікір айтты:

- Қазір Қазақстанда биотехнология саласында әртүрлі әдістер қолданылады. Алайда, олардың көбісі Қазақстанда орныққан. Бұл өте тиімді өнімді шығару үшін аса маңызды.

Қазақстанның әлемдік сауда ұйымына енуінде биотехнология саласының маңызына байланысты Томас Пейн мынаны айтты:

- Әлемдік сауда ұйымына енуде биоқауіпсіздік бойынша түрлі хаттамалар мен құжаттардың сақталуы бірінші кезектегі талап. Қазақстан үшін де биоқауіпсіздік бойынша талаптарды сақтау қажет болады.

Ал, Индиядан келген құрғақ аймақтарда ауылшаруашылығы зерттеулері халықаралық орталығының өкілі Sripada Udupa Қазақстанда жас мамандарды оқытуға көмек беру және биотехнологиялық жұмыстарды жүргізу көмек көрсету мүмкіндіктерінің барын айтады.

Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің биотехнология бойынша ұлттық орталығының бас директоры Аюп Ысқақов Қазақстандағы биотехнологияның деңгейін тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріндегі жағдаймен салыстырғанда оң өзгерістер бар, бірақ ол қазіргі заман талабына сай емес, дейді.

Ал, Қазақсатнның әлемдік сауда ұйымына енуі жағдайында отандық биотехнологияның бәсекелестігі жайында мынаны айтты:

- Әлемде биотехнологиялық өнімдер көп шығарылуда. Ол өнімдер өте арзан, сапалы. Сондықтанда бізде шығарып жатқан өнімдерге қарағанда олардың бәсекелестік қабілеті өте жоғары болады, ертең біздің нарығымызды басып кетуі мүмкін. Сондықтанда біз өзіміздің биотехнологиямызды әрі қарай дамытпасақ, өзіміздің ауылшаруашылық өнімдерді басқа шетелдік өнімдер алдында қорғай аламыз деп ойлай алмаймын.

Алғаш рет өтіп жатқан мәслихат қортындысы бойынша ғаламдық даму үрдісі ескереліп селекция, биотехнология және өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстары даму стартегиясының жобасы қабылданбақ. Онда ауылшаруашылығы ғылымындағы әртүрлі проблемалар бойынша алыс және жақын шетелдермен қарым-қатынасты кеңейту, оның ішінде кадрлерді дайындау мәселесі көзделп отыр.
XS
SM
MD
LG