Accessibility links

Белaрусия полициясы әсіре ұлтшыл “Беларуссияның ұлттық майданы” партиясының елдегі Ресей әскерінің болуына қарсы наразылық шеруіне шыққан ондаған мүшесін қамауға алды.


Бұл оқиға Ресейдің әскери базасы орналасқан Беларуссияның Ганцевичи қаласының маңында болды. Наразылық шеруі бүгін де жалғасты. Ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, қамауға алынғандардың басым көбі босатылды. Алайда Ұлттық майдан партиясының жергілікті көсемі Павел Батуев заңсыз шеру ұйымдастырған үшін бүгін сотқа шақырылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG