Accessibility links

Ирақтың солтүстігіндегі Мосул қаласында жергілікті полиция мен көтерілісшілердің өзара бүгін болған қақтығысында 12 адам оққа ұшып, 16 кісі жараланды.


АҚШ әскері шайқасқа араласпады. Бүгін Ирақта партизандардың тұтқында болған 6 шетелдік азамат босатылды. Осыдан 8 күн бұрын тұтқынға алынған иорданиялық 4 көлік жүргізуші Әл-Фаллуджа қаласында босатылды. Алайда Ирақтағы Иордания елшілігі өкілінің мәлімдеуінше, олардың босатылғаны елшілікке белгісіз.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG