Accessibility links

Шетелдік жүк машиналарының жүргізушілері Ирақтағы кепілдікке адам ұрлау әрекеттерінен қорқулы.


Шетелдік жүк машиналарының жүргізушілері Ирақтағы кепілдікке адам ұрлау әрекеттерінен қорқулы. Дей тұрғанмен, көлік жүргізушілерден гөрі елде келісімшарт бойынша жұмыс істеп жатқандар көбірек запа шегуде.

Соңғы әзірде Ирақтағы қарулы топтардың жүк тасығыш көліктер жүргізушілерін өлтіре бастағаны туралы жаманат хабар олардың жүрегін біраз шайлықтырып тастаса керек. Дүйсенбі күні екстремистердің Веб парақшасында түркиялық көлік жүргізуші Мұрад Южейді ұстап алып, оны өзі жұмыс істейтін компанияның бұл елден кетуіне шақыруға күшпен көндіргені көрсетілген. Оқиға Мұрадтың басына қарулы топтың оқ жұмсауымен аяқталады.

Мұрад Южей жұмыс істеген компания болса Ирақтағы қызметтерін тоқтатқандығы жөнінде мәлімдеді. Сондай-ақ 40-тай компаниядан құрылған Түрік жүргізушілерінің қауымдастығы да өздерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенге дейін АҚШ күштеріне қызмет көрсетуін тоқтататыны жөнінде шешім қабылдағанын жариялады.

Көптеген түркиялық жүргізушілердің шағымдарына қарағанда, АҚШ күштері өз базаларына қарай жүк тасып келе жатқан көлікті жол бойы қарауылдайды да, ал әлгі машиналар кері қайтқан кезде, еш қорғаусыз, бос жібереді екен. Южей марқұм да осылайша жүк тасымалынан кейін, еліне қайтып келе жатқан жолда ұсталған боп шықты.

Қазіргі кезде 670-тей көлік фирмаларын біріктіріп отырған Түркиядағы РОДЕР атты ірі қауымдастық Ирақтағы өз қызметтерін жалғастыра беретіндгін айтып отыр. Себебі, осы арқылы 50 мыңдай Түрік отбасылары жанбағысын жалғастыруда екен. Осы қауымдастық басшысы Сафар Юлусойдың айтуынша, өткен жылдың өзінде Түрік жүк тасығыштары 700 мың мәрте Ираққа сапар шеккен. Осы арқылы олар өз елінің сыртқа тауар шығару ісін бірнеше миллиард долларға жеткізіп отыр.

Сондай жүк машиналарының иесі, мысырлық іскер азамат Рашид Салим былай деген болатын. “Бұл оқиғалардың басты себебі- қолға түскен азамат америкалықтарға және коалиция күштеріне көмектесіп жүр деген сөз. Демек бұлайша кепілдікке алу-әлгі Мұсылман баласына осындай әріптестігі үшін қолданылған жаза боп шығады. Егер жүргізуші америкалықтарға көмектессе, онда қарулы топтардың әлгі азаматқа ойына келгенін істеуге хұқы бар деген сөз бе? Мен- Мұсылманмын және Ирақтағы адам ұрлаушылар да- мұсылман. Мен- арабпын, сондай-ақ ирақтықтар да- араб.

Өз бауырымды өлтіру үшін мен қолыма қалайша пышақ ұстамақшымын?”-деді Салим мырза. Дей тұрғанмен, сақтық шараларын ойластыра отырып, алдағы уақытта ол тек Ирақ іскер азаматтарының жүктерін ғана таситын боп шықты. Әрине, түсетін табыс- америкалықтардың төлейтін ақысынан төмен.

Алайда, анағұрлым қауіпсіз дейді ол. Салемнің қол астында жұмыс істейтін жүргізуші бұл жолы да ешқандай тосын оқиғасыз Ирақтағы діттеген жеріне келіп жетті. Себебі, қарулы топ жолда оны тоқтатып, әкеле жатқан жүктерін тізім бойынша тексеріп шыққанда, онда ешқандай америкалықтардың жүгі болмаған-ды. Тек ирақтық іскер азаматтың жүктері тиелген еді. Әл-Судани атты бұл жүргізуші 50 шақты қарулы адам қоршап алып, жүктеріңді тексере бастағанда, бойын үрей билейтіндігін жасырмауда.
XS
SM
MD
LG