Accessibility links

БҰҰның Қауіпсіздік кеңесі мүше мемлекеттерге өтініш жасап, халықаралық трибуналдың бұрыңғы Югославия бойынша жұмысын аяқтауда өзара ынтымақтастықты жақсартуға шақырды.


Кеңес президенті ресейлік Андрей Денисов мәлімдемені оқи келе былай дейді. - Біздің кеңес стратегиялық мақсаттарға жету үшін бар мүмкіндіктен пайдаланады, - дейді Денисов.

БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннанның айтуынша, Ираққа Ұлттық конференция қарсаңында арнайы өкіл жібермек. Пәкістандық дипломат Ашраф Қази Ирақтағы ресми жыйынның өтуіне өз тобымен көмектеспек. - Бірақ, біз Ирақтағы ол шара кезінде БҰҰ өкілдерін қорғайтын күштерді ұйымдарстыра алғанымыз жоқ. Дегенмен, халықаралық күштерге сенеміз, - деген Кофи Аннан.

Ирақ Ұлттық мәжілісінің болашақ бас қосуында сайлауға дейінгі өкіметтің жұмысын бақылайтын кеңес мүшелерін тағайындамақ.
XS
SM
MD
LG