Accessibility links

Халықаралық «Азия дауысы» фестиваліне 1 күн қалды


Тамыздың 5-інде халықаралық « Азия дауысы » фестивалінің алғашқы ресми баспасөз - маслихаты өтті. Бүгінде қатысатын конкурсанттардың біреуі ғана келіп үлгермеген екен. Ол Болгариялық әнші - Наргиз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол бүгін кешке ұшып келуі тиіс. Бүгінгі баспасөз -маслихаты барысында, байқауға қатысушылар жеребе тастау арқылы өз кезектерін белгілеген болатын.

Халықаралық « Азия дауысы » ән фестиваліне қатысушылардың саны бүгін нақты белгілі болды, олар алдағы хабарлағандай 15- емес, 14 болып шықты. Тамыздың 5-інде Алматы қаласында барлық конкурсанттармен кездесу болып, байқауға қатысушылар қай күні, қандай кезекте шығатындығын жеребе тастау арқылы шешті. Жалпы фестиваль 4 күн бойы өтеді. Музыканттар 3 күнде бір –бір әннен шырқап, төртінші күні қорытындылар белгілі болады. 15 жалдық тарихы бар аталмыш байқауға жыл сайы жаңа әншілер мен музыканттар қатысуда. Қазақстанға алғаш келіп, ән байқауына қатысқалы отырған, Румыниялық Нико есімді әнші қыз, бізге берген сұхбатында, өзін өте бақытты сезінетіндігін айтуда.

Ал Қытайдан келген « Йирен » тобының жігіттері, Алматы қаласын өте әдемі және таза қала дегенді айтты. Бұл топ көбіне халық әндерін сүйіп орындайды екен.

Грузиядан келген « Рондо » тобының қыздары барлық конкурсанттарға сәттілік тілей отырып, әр кім өзінің талантын 100 пайызға көрсете алсын дегенді айтты.

Жалпы аталмыш ән байқауына, Чехия, Шри-Ланка, Индонезия, Филиппин сынды әлемнің 12 елінен келген жас әншілермен бірге Қазақстандық «Нью – Бойз » табымен Әлден Жақсыбеков қатыспақ. Әлден бізге берген сұхбатында, былай деген болатын. - Жалпы көңіл –күйім жақсы. Өзіме сенемін жене халқымның сенімін ақтаймын деген үміттемін.

Ал « Нью – Бойз » тобының мүшесі, Бейімбет Жүнісов, « Азия дауысына » дайындығымыз жаман емес дегенді айтып отыр. - Бз осы соңғы бір айдың көлемінде күніне 6 сағаттан дайындық жұмыстарын жүргізгіп отырдық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша , фестиваль қонақтары Алматыға тамыздың 7- сінен бастап келе бастайды.
XS
SM
MD
LG