Accessibility links

"Агрофирма Ай-Мак" жауапкершілігі шектелген серіктестігінің бас директоры Ерқанат Ысқақов кәсіпкерлік қызметіне Ақмола облысының Егіндікөл ауданының әкімдігі, жергілікті билік органдары заңсыз араласуда деп мәлімдеп отыр

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

«Агрофирма-Ай-Мак» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің бас директоры Ерқанат Ысқақов осы жылдың көкек айында өзі жетекшілік етіп отырған серіктестіктің ішінен «Бауманское» жауапкершілігі шектелген серіктестігі заңсыз фирмасы құрылды. Мәселенің барлығы осыдан туып отыр. Оны құрып отырған Мұрат Бурамбаевтің ісінің заңсыздығын айтып тиісті орындарға арыздарымды жаздым. Бірақ мәселе соңына дейін шешілген жоқ. Қазіргі уақытта мәселе орын алған Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Бауман селосындағы Агрофирмаға қарасты кеңсені күзетіп отырмыз дейді.

Ерқанат Ысқақовтың айтуынша, жер үлестері бар азаматтар «Агрофирма Ай-Мак» жауапкершілігі шектелген серіктестігімен шарт жасасқан. Алайда, заңсыз құрылған «Бауманское» жауапкершілігі шектелген серіктестігіне байланысты Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі өз шешімін шығарып отыр, дейді.

Ерқанат Ысқақов Егіндікөл аудандық сотына талап арыз түсіргенін және оны соттың қанағаттандырғанын, алайда, аудан әкімі оған мойын бұрмай отырғанын айтады.

Мемлекет басшысына жолдаған өтініш үндеуімізде Ақмола облысының Егіндікөл ауданы әкімі бас болып Егіндікөл ішкі істер бөлімінің бастығының және аудан прокурорының көмегімен «Агрофирма Ай-Мак» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің мүлігін алуға, жеке меншікке бағыттауға тырысып, кәсіпкерлік қызметімізге араласуда. Қазір «Агрофирма Ай-Мак» қызметкерлері өз меншіктерін аудан әкімі Никишовтан қорғауда екенін айтып, бұл шектен шыққандықты тоқтатуға өтініш еттік, дейді.

«Агрофирма Ай-Мак» жауапкершілігі шектелген серіктестігі бас директоры Ерқанат Ысқақовтың мәлімдемесіне орай Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі Андрей Никишов хабарласқанымызда, ол өкілеттігімді асыра пайдаландым ба жоқ па оны тексеру көрсетеді.

Мұның барлығы сандырақ. Мәселемен органдар айналысып әрқайсысына құқықтық бағасын береді, деді.

Аталған мәселе бойынша Ақмола облысы Егіндікөл ауданының прокуроры Амангелді Алиқұловқа хабарласқанымызда ол телефон арқылы жауап бере алмайтынын айтты.

Ерқанат Ысқақов «Агрофирма Ай-Мактың» ішінен заңсыз құрылды деп отырған «Бауманское» жауапкерлішігі шектелген серіктестігінің жетекшісі Мұрат Буранбаевтен сұхбаттасудың сәті келмеді. Қалай дегенмен кәсіпкер Ерқанат Ысқақов ушыққан мәселеге мемлекет басшысы ғана тоқтау сала алады деп отыр.

Ал, Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі мәселенің мәнісін құқықтық баға беру құзырлы орындарда дейді.
XS
SM
MD
LG