Accessibility links

Иран президенті Мохаммад Хаттами мұнайға бай Каспий теңізінің тағдырын және экономикалық проблемаларды талқылау үшін, көршілес Әзірбайжанға бірінші ресми сапарын жасады


2 күндік сапар барысында Иран президенті Мохаммад Хаттами және Әзірбайжан президенті Илхам Алиев бірнеше келісімге қол қояды. Келіссөздерде әлемдегі мұнай мен газ қорының үштен бірі шоғырланған деп болжамданып отырған Каспий теңізі туралы сөз қозғалады. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі 1991 жылы Кеңес одағы ыдырағалы бері талқыланып келеді. Жағалаулары ортақ 5 мемлекет Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран Каспийді ішкі байлықтарымен тең бөлу үшін, не көл деп табуға немесе, әр елге сектор бойынша бөлетін теңіз деп табуға тиіс.
XS
SM
MD
LG