Accessibility links

Бүгін халақаралық « Азия дауысы » фестивалі басталады.


Бүгін әлемнің 12 елінен келген әншілер Алматыға жиналып, халақаралық «Азия дауысы » фестивалінің 15-ші рет ашылуы болады. Алғашқы баспасөз –маслихатында , елген конкурсанттардың бірнешеуімен танысқан болатынбыз.

Болгария, Румыния, Чехия, Кипр, Грузия сынды тағы басқа 12 елдің музыканттарын, Алматыдағы « Медеу » мұз айдыны өз сахнасына жинап, жергілікті тұрғындар мен келген қонақтарға үлкен ән мерекесін сыйламақ. Тамыздың 6-сында халақаралық « Азия дауысы » фестивалі басталады. Біз аталмыш ән байқауына келген конкурсанттардың бірнешеуімен танысып көрген болатынбыз. Алдымен, Грузиядан келген «Рондо» табы. Бұл квартет құрамындағы қыздар, Алматы қаласын жартылай көріп үлгердік, өте әсем қала екен. Халқы да қонақжай дегенді айтып отыр.

Келесі Вахида есімді Малайзиядан келген әнші, барлық байқауға қатысушыларға сәттілік пен сахнада өздерін еркін сезінсін деген тілек айтуда.

Ал Дағыстаннан келген « Кинса » тобының жігіттері 1997-ші жылы Алматыға келген екен. Содан бері араға 7 жыл тастап келіп отырғандары осы екен. Жігіттердің айтуынша , Алматы көшелері жалпы қаланың өзі өте әдемі болып кетіпті. Халқы да мейірімді дегенді айтты.

Ал Қазақстан атынан байқауға түсетін Әлден Жақсыбеков, бүгінгі таңдағы қазақ әндері белгілі дәрежеде өсіп, дамып келеді дегенді айтып отыр.

- Қазақ әндері өсіп келе жатыр.Тек халық әндерімен ғана шектеліп қалған жоқ. Деңгейі де, айту манерасы де өсіп келе жатыр. Маған ұнайды. Жалпы халықаралық «Азия дауысы» фестиваліне 14 конкурсант қатысады. Ал фестивальдің өзі тамыздың 9-ына дейін жалғасады.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG