Accessibility links

Тамыздың 6-сы күні Қазақстан темір жолының 100 жылдығына қатысты салтанатты жиналыс өткізілді.


Тамыздың 6-сы күні Қазақстан темір жолының 100 жылдығына қатысты салтанатты жиналыс өткізілді. Қазақстандағы темір жолдардың қалыптасуына негіз болған Орынбор-Қазалы жол тармағында 1904-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап пойыздар жүре бастаған еді. Бұл дата Қазақстан темір жолдары тарихындағы алғашқы бастау. Жиынға қатысқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев темір жолмен бүгінгі таңда жылына 15 миллионға жуық жолаушы тасымалданатындығын, алдағы уақытта теміржол көлігінен асқан көліктің болмайтындығын атап өтті. «Биылғы жылдың басында біз тағы бір мәнді оқиға-тың игерудің 50 жылдығын атап өттік. Теміржол ардагерлерінің басым көпшілігі осы оқиғаға білек сыбана қатысты десем қателескенім емес. Тың игерудің 50 жылдығы секілді бүгінгі мерекеміздің де егемен Қазақстан тарихы үшін мәні өте зор деп айта аламын», - деді өз сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, 100 жылдық мерейтой және Астанада темір жолдың пайда болуының 75 жылдығы құрметіне вокзал алдындағы паровоздың ескерткішін қалпына келтірген дұрыс екендігін де айтты.

Қазақстан темір жолы экономикамызды ілгерілетуге қосқан үлесі зор деп біледі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Президентінің аймақтағы өкілі Амангелді Серібаев. «Қазақстан темір жолы соңғы 10 жылдықта экономиканы ілгері дамытуда алдына жан салмаған саланың бірі. Соңғы жылда жағдайдың қиындығына қарамастан, 500 шақырымға жуық қосымша жол салынды. Бұл-мемлекеттің шет мемлекетерге кіріптар болмай, өзінің ішкі мүмкіншілігін пайдаланып, жүк тасу құнының арзандауына үлес қосты. Болашақта трансконтинентальдық теміржол салу жоспарда бар. Осы арқылы Қытаймен Ақтауды қосып, Ақтау арқылы барлық жүктер Еуропаға жөнелтіледі», - деді Амангелді Серібаев.

Теміржол саласында 40 жылдан астам еңбек еткен Оразбай Әбішев «Қазақстан теміржолы өркендеу үстінде. Бүгінде қуатты, күшті тепловоз, электровоздар жұмыс істеп жатыр, барлығы жолға қойылуда, мұның бәрі ата-бабаларымыз көксеп кеткен үлкен істің айқын айғағы», - деді.
XS
SM
MD
LG