Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымы Дарфурда эпидемия басталады, деп ескертіп отыр

  • Гүлмира ХАМЗА

Біріккен Ұлттар Ұйымы Дарфур провинциясы тұрғындарының денсаулығынаалаңдаулы. Себебі Суданның Дарфур провинциясындағы босқындар лагерінде түрлі аурулар шығып жатыр. Мамандар мұны санитарлық жағдайдың төмендігімен байланыстырады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Суданның Дарфур провинциясындағы жүздеген мың босқын адамға аштықтан өзге эпидемия қауіпі төніп тұр, деп ескерту жасап отыр. “Азаттық”радиосының тілшілері Біріккен Ұлттар Ұймының Дарфурға келген гуманитарлық мекеме қызметкерлерінің “Би-Би-Си” компаниясына берген ақпаратына сілтеме жасай отырып, босқындар арасында шек, өкпе, безгек, бауыр қабыну аурулары жылдам тарап жатыр деп хабарлап отыр. Адамдардың тұрып жатқан жағдайы өте нашар, бірақ оған қарамастан олар үйіне оралғысы келмейді. Дарфур провинциясының жүздеген мың тұрғыны қанды қақтығыстардан аман қалу үшін босқындар қоныстарында тығылуға мәжбүр.

Босқындар Судан әскері, “Джанджавид” атты араб жасақтары мен жергілікті халықтың құқығын қорғауды көздеген топ арасында болатын қақтығыстардан қорқады.

Бұл мәселе тарихына қысқаша тоқталып кетсек. 2003 жылдың ақпан айында жергілікті тайпалар көтерілген болатын. Бұл көтерілісшілермен күресу үшін Cудан үкіметі араб әскерилерін жіберген. Нәтижесінде араб әскерилері наразылық білдірген жергілікті халықтың 50 мың адамын өлтірген, миллионнан астам адам босқын болып кеткен.

Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесі шілде айының 30 күні Судан үкіметіне қатысты арнайы резолюция қабылдаған. Бұл резолюцияға сәйкес, Судан үкіметі Дарфур провинциясындағы араб әскерилерін бір айдың ішінде қарусыздандыруы қажет.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан Қауіпсіздік кеңесінің Дарфур жайындағы резолюциясы қабылданып жатқан тұста Нью-Йоркте журналисерге былай деп айтқан болатын:

Судан үкіметі резолюцияны қабылдап, оның орындалуына атсалысады деп күтіп отырмын. Себебі резолюция Судан үкіметінің уәделерімен үндес. Қауіпсіздік кеңесінің талабы біреу қана - Судан үкіметі өз халқын қорғау керек,- деді Біріккен Ұлтар Ұймының бас хатшысы Кофи Аннан.

Қазіргі кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық агенттіктері азық-түлік бағдарлама шеңберінде Дарфур провинциясының тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр. Жаңбырдың жиі болуы салдарынан жол жүру мүмкіндігі шектеліп отыр. Сол себептен босқындарға керек азық-түлік әуеден тасталады. Жаңбырдың салдарынан және санитарлық жағдайдың нашарлығынан адамдар түрлі жүқпалы ауруға шалдығып жатыр.
XS
SM
MD
LG