Accessibility links

Ирақ өкімет басшысы Лиад Аллауи Нажаф қаласына келді.


Мұнда АҚШ күштері және шиилер көсемдерінің бірі Мұқтада әл Садыр жақтастары арасында шайқастар жүруде. Соңғы үш күн ішінде осы қақтығыстар кесірінен бірнеше жүздеген адамдар өмірі қиылып отыр. Сапар барысында Аллауи мырзамен бірге елдің İшкі істер және Әділет министрлері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі бірге болды. Аллауи мырза Әл-Садр жақтастарының өз қаруларын тастап, қаладан шығып кетуін, әсіресе қаланың Имам Али Шрини сияқты қасиетті бөлігін тастап шығуларын сұрады. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан мырза Ирақтағы бұл қантөгістерге байланысты қатты алаңдаушылық білдіре отырып, өз ұйымының ара ағайындығын ұсынған болатын. Соңғы 24 сағат ішінде Бағдат пен Нажаф қалаларында 43-тей адам қаза болған екен.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG