Accessibility links

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжiлiсiне депутаттар сайлауының сайлауалды жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттаудың ортақ Ережесiн бекiттi

  • Ескендір ЕРТАЙ

Астанада Орталық сайлау комиссиясы ресми тiркелген 12 партияның өкiлдерiн шақырып алдағы Парламент Мәжiлiсiне депутаттар сайлауының сайлауалды жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында /БАҚ/ насихаттаудың ортақ Ережесiн бекiттi. Ереже тамыздың 9-ы күнi, дүйсенбiде Әдiлет министрлiгiне тiркеуге жiберiлмек.

Ондағы негiзгi мәселе партиялардың бiр-бiрiне үстемдiгiн жүргiзуiне ырық бермеу, теледидарда белгiленген кестедегi уақытты, газетте көрсетiлген шамадағы жолды ғана қанағат тұтуларына ықпал ету мақсаты көзделген.

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева аталаған ережеде Қазақстандағы саяси партиялардың нақты ұсыныстары ескерiлгенiн айтады. Бәлиева ханым “Парламент Мәжiлiсiне депутаттықтан үмiткерлердiң сайлау алды насихаттарын жариялау кезiнде оған дайындық барысында осы БАҚ-ында қателiк жiберу көп орын алады”,дейдi.

Қазақстанның “Ауыл” партиясы төрағасының орынбасары Ержан Сағындықовтың айтуынша, бұған дейiн партия мүшелерi арасында тегiн таратылып келген газеттi көбiрек етiп шығаруға Орталық сайлау комиссиясы шектеу қойғалы отыр.

“Қазақстанның демократиялық партиясының үйлестiрушiсi Төлеген Тортаев өздерiнде “Құқықты Қазақстан үшiн” қозғалысының үнi болып табылатын “Көзқарас –Позиция” газеттерi арқылы өздерiнiң iшкi саясаттары оңтайлы шешiлiп отырғандығын айтады.

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы қазiргi қалыптасып отырған жайды жан-жақты түсiндiрген соң, он екi партияның өкiлдерi Парламент Мәжiлiсiне депутаттар сайлауының сайлауалды жұмыстарын БАҚ-ында насихаттаудың Ережесiне өз көзқарастарын бiлдiрiп, өзгерiстер мен түзетулерiн енгiздi.
XS
SM
MD
LG