Accessibility links

Радикалдық шиилер басшысы Мұқтада әл-Садр аралық өкімет тарапынан жасалған, Нажафты тастап шығу жөніндегі талапты бүгін қабылдамай тастады


Бес күннен бері жүріп жатқан АҚШ күштерімен арадағы шайқас барысында бірнеше адамның өмір қиылған. Алайда, бұл қаладан ешқашан кетпейміз, деп отыр ол. Ирақ Қорғаныс министрінің айтуынша, Нажаф қаласының көтерілісшілері Ираннан жеткізілген қаруды пайдалануда. Әл-Арабия телеарнасы арқылы таратылған министр Хазим әл-Шалаанның бұл мәлімдемесі “Иран біздің ішкі істерімізге қол сұғуда” деген ресми Бағдаттың жасаған бірнеше мәлімдемелерінің соңғысы ғана. Ал, Иран елі болса Нажафтағы бұл шайқастарды айыптай келіп, “Ирақтың ішкі істеріне қол сұғып отыр” деген кіналауларды жоққа шығарған болатын. Шайқастар әлі жалғасуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG