Accessibility links

Пәкістан және Үндістан терроризм және есірткі тасымалына қарсы күрес жайында келіссөз бастады


Ядролық қаруға ие екі бақталас елдің арасындағы келіссөз бүгін Исламабад қаласында басталды. Пәкістан президенті Перуез Мұшарраф және Үндістан бас министрі Атал Бихари Ваджпаи ақпан айынан бері бірнеше рет кездесіп, келіссөздерге жол ашты. Екі ел үкіметі Кашмир мәселесін талқылауды бастамақ бұрын жекелеген мәселелерден бастағанды жөн көреді. "Ньюс" газетінде бүгін жарияланған сұхбатында Перуез Мұшарраф Үндістан бас министрі Манмохам Сингхпен қыркүйек айында кездесеміз деп айтты.
XS
SM
MD
LG