Accessibility links

Ирақта қызмет жасаған американдық сарбаздардың соты басталады


Бағдад түрмесінде ирақ тұтқындарын азаптады деп айыпталған төрт американдық сарбаздың соты осы айда басталады. Жалпы Абу-Ғрайып түрмесіне қатысты шатақта жеті американдық сарбаз істі деп табылған. Алдын ала сот тыңдаулары маусым айының соңында Бағдадта басталған болатын, алайда АҚШ әскери соты тергеуді Ирақ сыртында жасауды ұйғарды. Алдын ала тергеу мәжілістері енді Германияда орналасқан АҚШ әскери трибунал сотында өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG