Accessibility links

11 қыркүйектегі шабуылдарға қатысы бар деп Германияда сотталған жалғыз азаматтың үстінен екінші сот жалғасып жатыр


Германия соты Америка Құрама Штаттарынан "Әл Қаиданың" адамдары деп сезіктелетін негізгі екі күәнің американдық тергеушілерге берген жауаптарын алды. Онда "Әл Қаиданың" жоғары екі өкілі 2001 жылы Америкаға жасалған шабуылдарға Мұнир Мотассадектің еш қатысы жоқ деп айтыпты.

Германия соты Мұнир Мотассадек деген Марокко азаматын Гамбургте орналасқан "Әл Қаида" ұйымының ұясына көмектесті деген айппен былтыр сотталған болатын. Бірақ Германия жоғары соты көкек айында істі қайта қарап, АҚШ мекемелері негізгі күәлардан жауап алғызбай қойған соң Мотассадектің кінәсі дәлелденген жоқ деп оны босатқан болатын.
XS
SM
MD
LG