Accessibility links

Түркия ресми орындары Стамбулда кеше болған жарылыстарды негізінен күрд сепаратистерінен көріп отыр


Стамбулда кеше екі мейманханада және газ қоймасында төрт бомба жарылысы болып, 2 адам қаза тапты, 11 адам жараланыды. Шабуылдарды мойнына бұрын белгісіз күрд тобы алды, олар түрік әскерлерінің күрд көтерілісшілеріне қарсы жақында жасаған науқаны үшін кек алдық дейді. "Әл Қаидамен" байланысымыз бар деген басқа топ сейсенбідегі жарылыстар еуропалық мемлекеттерде болатын "операциялар толқынының" алғашқы шабуылы деп ескертті өз кезегінде.

Түркияда қауіпсіздік шаралары қараша айынан бері ерекше күшейтілген, қараша айында Стамбулда төрт бомба шабуылы жасалып, алпыстан аса адам қаза тапқан. Шабуылдарды "Әл Қаида" жасады деп есептеледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG