Accessibility links

Үйлері құлауға жақын тұрған тұрғындардың мәселесін арнайы комиссия шешетін болады

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Астана қаласының шетінде орналасқан Кирпичный ауданындағы Квартальная көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйге құлау қаупі төнуіне байланысты, ондағы тұрғындар басқа жаққа көшірілді. Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Ерік Төлежановтың айтуынша, үй 1961 жылы салынған, тұрғындардың инженерлік жүйеге селсоқ қарауынан көппәтерлі тұрғын үйдің 1-і қабатындағы 4-5 пәтерлерінің едендері құлап түсті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Аталған үйдің елу бір тұрғыны әзірге тұрғындарды уақытша бейімдеу орталығы мен туыс-туғандарының үйлеріне орналастырылды. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға 13 адам мен 3 арнаулы техника жұмылдырылды дейді Ерік Төлежанов. Оқиға орын алған жерге барып, далада қалған тұрғындармен сұхбаттасқанымызда;

-Олар енді қайда барып паналаймыз, үйдің ішінде қалған құжаттарымыз бен киім-кешегіміз бүлініп қалса оны кім бізге қалпына келітіп береді деп деп даурықты.

Оқиға болған жерге келген Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ерікболат Қабылдинді көрген тұрғындар

- біз сіздердің Асар, Отан партияларыңыз қайда жүргендерін білігміз келеді. Олар осында келіп адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын көрсін. Алдағы сайлауға дауыс беруге біз бармаймыз деп даурықты. Ал әкімшілік өкілі оларға бұл жерде Асар мен Отан партяиларының еш қатысы жоқ, -дегенді айтты.

Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ерікболат Қабылдиннің айтуынша, осы үйдің мәселесіне байланысты арнайы комиссия құрылған. -Арнайы комиссия құрылып,осы құлағалы тұрған үйдің мәселесі қаралады.Үйді қайта жөндеу керек пе, әлде ол жөндеуге келмей ме оны осы комиссия жқмысының қортындысы көрсетеді. Егер үй қайта өңдеуге жатпаса, үйлерінің құжаттары түгел азаматтарға үй беріледі,ал құжаттары жоқтар жоқтардың үй алуға еш құқықтары болмайды. Алайда осы үйдің тұрғыны Анардың пікірінше үй қайта жөндеуге жатпайды.

-Бұл үй қайта жөндеуге келмейді. Өйткені үйдің асты толған су, ендігі бәрі шіріп жатыр. Енді бұл үйде біз қалай тұрамыз, құлап кете ме деген қорқынышы болады ғой.

Сөйтіп үйлері құлауға жақын тұрған тұрғындардың мәселесін арнайы комиссия шешетін болады. Мұнда үйлерін жекшелендіріп үлгермендер де бар, ал олардың жағдайы әкімшілкті ойландырмайтын сияқты.
XS
SM
MD
LG