Accessibility links

Парламент Мәжілісі сайлауына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 300-ге тарта бақылаушы келуге дайындалуда

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесінің президенті Дос Көшімнің айтуына қарағанда, қыркүйектің 19-ында болатын Парламент Мәжілісі сайлауына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 300-ге тарта бақылаушы келуге дайындалуда. Олар сайлау күні және алдын-ала да бақылау жұмыстарын жүргізеді:

-

Алдын-ала бақылаушылардың алды Қазақстанға келуде. Олардың саны-20. Олар сайлауға дейінгі ұзақ мерзімді бақылау жүргізеді. Содан соң жақын арада бес мемелекеттің қоғамдық ұйымдары бірігіп «Демократия және сайлау» деген ұйым құрды. Олардың айтуынша, олар 140 адам қоймақшы. Бұдан басқа Ұлттық демократиялық институттан әлі күнге шешім келген. Біздің мемлекетіміз оларды да шақырған. Әзірге жауаптарын берген жоқ.

Көшім мырзаның пікірінше, бұрынғы сайлауларға қарағанда осы жолы сайлауда бақылаушылар саны көп болатын сыңайлы:

-

Себебі, өткен 1999 жылғы сайлауда бізге 180-дей халықаралық бақылаушы және бір он шақты бақылаушы ұзақ мерзімді бақылауға келген. Соған қарағанда бізге қызығушылық көбірек сияқты. Оның себебі, сайлау заңының өзгеруі, партиялардың, оппозициялық партиялардың тіркелуі. Осының бәрі бізге назар аудартып отыр. Дос Көшім қазіргі уақытта 2000-дай учаскеге Қазақстан тарапынан болатын тәуелсіз бақылаушыларды қойғалы отырғандарын айтады.

Ал, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова Парламент Мәжілісі сайлауына қанша халықаралық бақылаушының қатысатыны жайындағы мәлімет тамыздың 12—і күні нақты болатынын айтады. Татьяна Охлопкованың айтуынша, сайлау барысын бақылауда тіркеуден өту үшін шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарының 100 өкілінің тізімі орталық сайлау комиссиясына түскен. Олардың арасында Әзірбайжан, Грузия, Иран, Қытай, Пәкістан, Ресей, Америка Құрама Штаттары және басқа елдердің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадамның пікірінше, Қазақстанда өткен бұрынғы сайлауларда да тәуелсіз бақылаушылар аз болған жоқ. Мәселе биліктің пиғылында, тазалығында, дейді.

Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесінің президенті Дос Көшім сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістерде бақылаушылардың құқықтары кеңейтіліп нақыталынды, әңгіме оның тек орындалуында дейді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Серікбай Әлібаев сайлауға шетелден бақылаушылар келіп жатса атқару органдары тарапынан алаңдаушылық болады деген пікірде.
XS
SM
MD
LG