Accessibility links

АҚШ-ң қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд Кабулда болған кезінде Ауғанстанның алдағы сайлауға әзірлік жұмыстарына ризашылық танытты.


9 қазанда өтетін сайлауда дауыс беруге 9 миллион адам тіркелген. Президент Хамид Қарзаймен бірге өткізген баспасөз-мәслихатында сөйлеген сөзінде Рамсфелд Ауғанстанда демократияның орнығатынына сенім білдірген. -Менің бірлескен комиссия мен БҰҰ-ң адамдарымен жүздесулерімде олардың сенетіндіктерін көрдім, олар уақыттары мен күштерін жұмсап, әділетті еркін сайлау өткзілуіне көмектесуде. Олар Ауғанстанның дұрыс, табысты жолда екендігінен үмітті,-деп атап көрсеткен Рамсфелд. Рамсфелд Ауғанстан астанасына кеше Оманнан келген, ол Ауғанстанның апиын өндірісімен күреске де ерекше көңіл аударды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG