Accessibility links

АҚШ Иранның құпия ядролық қару бағдарламасы бар деген айыптауларын қайта жаңғыртып отыр


Бұл жөнінде кеше Вашингтондағы баспасөз мәслихатында мемлекеттік департамент өкілі Адам Эрели мәлімдеген. Мәлімдеме Иранның Шахаб-3 деп аталатын, 1300 шақырымға ұша алатын үлгілендірілген зымыранына жасалған сынақтан кейін айтылды. Иран президенті Мохаммед Хатами өз елінің ядролық бағдарламасы қару емес, қуат көздерін өндіруге бағытталған деп айтқан болатын. Минситрлер кабинетімен кездесуден кейін ол былай деген:

-Біз мәселені ушықтырмай, салқынқандылықпен, түсіндіру арқылы шешуге тырысамыз. Егер кез-келген бізді хұқымыздан айырғысы келетін болса, біз оған дайын болуымыз керек, бейбіт мақсаттағы ядролық қару бағдарламасын жалғастыру біздің хұқымыз,-деп атап көрсеткен Иран президенті. Айдың басында Иран уранды байыту үшін центрифугалар шығарамыз деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG