Accessibility links

Соғыс жағдайына арналған заңдар Нажаф қаласының кейбір қасиетті орындары үшін сынақ болмақшы


Соғыс жағдайында мәдени мұраларға қамқорлық жөніндегі халықаралық заңдар бойынша, қасиетті орын деп есептелетін Нажафтағы Имам Әли мешіті сын тезіне түспекші. Себебі, ол заң баптары бойынша, АҚШ күштері шии көтерілісшілерінің бекінісіне айналған бұл мешітке шабуыл жасауға хұқы бар.

АҚШ ресми өкілдерінің айтуынша, Имам Әли мешіті және оның айналасындағы қасиетті орындар шии көтерілісшілері тарапынан қару-жарақ қоймасы, шабуыл бекеті ретінде пайдаланылуда екен. Бұл қылықтар соғыс жағдайына арналған заңға қайшы келеді. Сондай-ақ, шиилер үшін қасиетті орын болып есептелетін бұл ғимарат ЮНЕСКО тарапынан арнайы қорғаудағы ескерткіштер тізімінде жоқ. Сонымен бірге, Нажаф қаласы басшысының шабуыл жасауға рұқсат беруі бұл жерлерге шабуыл жасауға кедергі болатын жағдаяттарды азайта түскендей-, дейді Азаттық радиосының тілшісі Роберт МкМахон. АҚШ күштері бейсенбі күні Нажаф қаласы орталығындағы өздері айтқандай “кең көлемдегі шараларын” бастады. Алайда, ол шабуылдар барысында аталған мешіт нысанаға алынып отырған жоқ-, дейді АҚШ күштері өкілі. ЮНЕСКО бас директорының орынбасар, көмекшісі Милагрос дел Корал ханым бұл жөнінде: “Бұл өте, өте күрделі және аса алаңдататын жағдай болып тұр. Дей тұрғанмен, бұл орындардың болашақта ешқандай қауіпке ілінбейтіндігіне үміт артайық”-, деген болатын.

Әлемдік дәрежеде маңызы бар тарихи мұралар тізімі бойынша соғысушы жақтарға тарихи құнды ескерткіштерді барынша зақымдамау жөнінде арнайы міндет артылады. Бұл тізім ішінде Ирақтағы екі-ақ көне дүние ескерткіштері бар екен. Олар- Хатра мен Ашир. Алайда, елде бұдан да бөлек, толып жатқан тарихи құндылықтар бар. Дел Корал ханымның айтуынша, 2003-ші жылдың наурыз айындағы соғыс қарсаңында ЮНЕСКО ұйымы Ирақтағы бірнеше аса құнды тарихи ескерткіштер тізімін АҚШ күштері қолына тапсырған болатын. Онда Имам Әли мешіті де бар еді.

Әскери жанжалдар жағдайында Мәдени құнды мұраларды қорғау жөніндегі 1954-ші жылы қабылданған келісімге Ирақ елі мүше болып табылады. Ал, 1999-шы жылғы қаттамада көрсетілгеніндей, егер қандайда бір мәдени құнды орын әскери мақсатта пайдаланылатын болса, ондай жағдайда ол ескерткішті қорғау заңы ол жерге жүрмейтін болады. Тіпті осындай жағдайдың өзінде де ол ескерткіштерді мейлінше зақымдамау аталған қаттамада көрсетілген. Ирақ елі бұл қаттамаға әзірге қосылған емес.

Ал, Құрама Штаттары болса, бұл қос келісімнің ешқайсысына да қатысқан емес. Алайда, бұл бағыттағы өз әрекеттерінде Женева келісімін басшылыққа ала отырып, мейлінше мұқият болуға тырысады, дейді сарапшылар. Көктем айларында соғысушы екі жақ тарапы атысты тоқтату жөніндегі келісімге келген болатын. Сол кезде мешіт пен оның айналасында “пайдаланудан тыс аймақ” қалыптастырылған екен. Алайда, АҚШ әскери қолбасшыларының айтуынша, әл-Садр жауынгерлері бұл келісімді орындамауда. Аталған жерлерді таза соғыс мақсатында пайдалануда, дейді америкалық әскер басшылары.
XS
SM
MD
LG