Accessibility links

Қазақстанда Демократия және азаматтық қоғам жөнiндегi комиссия Ережесi жасалып жатыр

  • Ескендір ЕРТАЙ

Астанада тамыздың 12-сiнде Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары,Мемлекеттiк құқық басқармасының бастығы Бауыржан Мұхамеджановтың төрағалығымен Президент жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi Ұлттық комиссия туралы Ереженiң жобасын талқылауға арналған кеңес өткiзiлдi. Оған Қазақстандағы партиялардың жетекшiлерi қатысты.

Қазақстандық саясаткерлер аталған ұлттық комиссияға қатысты әртүрлi пiкiрлер бiлдiрiп отыр. Билiк кейбiр дөңгелек үстел, комиссия, комитеттердi көзбояшылық үшiн жасайды. Оның iшiнде демократияға қарсы жұмыс жасайтындар да бар деген пiкiр айтушылар бар.

Азаттық радиосы үшiн аталмыш басқосудан ақпарат алудың мүмкiндiгi болмады. Шақырылмау себебiн сұрап Президенттiң баспасөз орталығымен хабарласқанымызда жауапты қызметкерi Александр Иванов “Себебi,комиссия отырысын өткiзушiлер кiмдердi шақыру қажеттiгiн айтты. Бiз соған орай тек ресми газеттер мен Заң және “Юридическая газетiнiң тiлшiлерiн шақырдық” дейдi.

Бұл кеңестi қазақстандық саясаткерлер бұған дейiн де жұмыс жасап келген Тұрақты комиссияның көшiрмесi iспеттi деп бағалап отыр.

Осы басқосуға қатысқан Қазақстан Коммунистiк партиясының жетекшiсi Серiкболсын Әбдiлдин « Бiздiң елде көптеген шешiмдер дұрыс қабылданғанмен аяғына дейiн нәтиже ойдағыдай болмай шығады. Бұдан бұрын Тұрақты жиналыс деген құрылған. Ол Үкiметке бағынышты болатын. Қазiр Елбасының қол астында iстейтiн Ұлттық комиссия құрылып отыр» дейдi.

Саясаттанушы Дос Көшiм Мұны Қазақстандағы демократияның көрсеткiшi етiп көрсету ретiндегi саяси ойын сияқты көрiнедi деп бағалайды:

«Қазақстанда халықаралық та елiшiлiк те демократиялық ұйымдар көп ақ Олардың көпшiлiгiнiң мәндiлiгi төмен.» дейдi саясатшы Сейдахмет Құттықадам.

Естерiңiзге сала кетейiк, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру және дамыту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеумен айналысатын Тұрақты комиссияның негiзiнде Ұлттық комиссия құру мәселесiн «Отан» партиясының кезектен тыс 7-шi съезiнде айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG