Accessibility links

Қазақстанда БҰҰ-ның Азық түлiк және ауыл шаруашылық ұйымының кеңсесi ашылады

  • Ескендір ЕРТАЙ

Қазақстан Президентi тамыздың 12-13 күндерi Қазақстанда ресми сапармен жүрген БҰҰ-ның Азық-түлiк және ауыл шаруашылық ұйымының Бас директоры ЖакДиуфты қабылдады. Жак Диуф журналистермен өткiзген брифингiнде Президентпен кездесуде аталған ұйымның Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы фермерлердiң жағдайын көтеру және ауылдың инфрақұрылымын дамыту мәселелерiне көмегi жоғары бағаланды деп атап өттi.

Журналистермен кездесуiнде Жак Диуф мырза ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсата пайдалану мен қайта өңдеуге тоқталды. Ол “Бiз нарықты экономика кезiнде ауыл шаруашылығында бәсекелестiкке орын бар екендiгiн бiлемiз. Өнiмдердi жақсы бағаға және жақсы талаптарға сай етiп сата аламыз” дейдi.

ЖакДиуф мырза биылғы жылы Қазақстанда қанша астық жиналатындығын оны қанша тоннасы экспортқа шығарылатындығынан да хабардар. Ол” Көкек айында үсiк жүргендiгiне қарамастан Қазақстанда биылғы жылы 6,5 миллион тонна астық жиналатындығына қуаныштымыз”дейдi.

Ал, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң егiншiлiк департаментiнiң директоры Арман Евниев болса, сыртқа шығарылатын биылғы жылдың тауарлы астығы бес миллион тоннадан аспайды деп отыр.

Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты, Қазақстанның “Ауыл” партиясының төрағасы академик Ғани Қалиев Қазақстанның ауыл шаруашылығына көмек қолын созып отырған халықаралық ұйымдардың iшiнде мұндай мекеменi бiлмейтiндiгiн айтады.

Сонымен Қазақстанда БҰҰ-ның Азық-түлiк және ауыл шаруашылық ұйымының кеңсесi ашылатын болды. Бұл жөнiнде журналистермен брифингте Жак Диуф мырза хабарлады.
XS
SM
MD
LG