Accessibility links

Түркияда темір жол апаты болды.


Елдің батысында екі жолаушылар поезы соқтығысқан. Кем дегенде 6 адам қаза болды. Алдын ала жасалған мәлімет бойынша, поездардың біреуі қызыл шамға тоқтамаған. Түркияның көлік міністірі Бинали Илдирім сәрсенбі күнгі апаттан қаза болғандар саны ұлғауы мүмкін деді. Арнайы дағдарыс орталығының ақпаратына қарағанда, Стамбулдан 80 шақырым жерде болған апаттан шамамен 85 адам жаралы болған. Бұл апат осыдан үш апта бұрын болған темір жол апатынан соң орын алды. Ол кезде Стамбул мен Анкара арасында арнайы поез шойын жолдан шығып кеткен, 37 адам қаза болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG