Accessibility links

АШҚ-тың қорғаныс міністірі Доналд Рамсфелд Әзірбайжан президенті Ілхам Әлиевке коалиция күштеріне Ирақта және Ауғаныстанда белсенді қатысуы үшін рахметін айтты


Әзірбайжан әскерилерінен Ирақта 150 жауынгер бар. Ал Ауғаныстанда 120 сарбаз тіркелген. АШҚ-тың қорғаныс міністірі Бакуге Ауғаныстаннан келді. Онда ол 9 қазанда өтетін сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты келіссөздер өткізді. Америка шенеуніктері қауіпсіздік шараларын ескере отырып Рамсфелдттің сапар бағытын толық хабарламай отыр.
XS
SM
MD
LG